Шекара кеңістігінде 5 785 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылар ұсталды, соның ішінде:
17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды
Қазақстан шекарасында 40-қа жуық шетелдік ұсталды
Фото: видеодан алынды
239
оқылды

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, арнайы операциялар жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

- Шекара  кеңістігінде 5 785 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылар ұсталды, соның ішінде:
17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
- Мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
26 – есірткі заттары;
62 – қарулар мен оқ-дәрілер (30 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату,
1 дана пневматикалық, 43 дана суық қару, 136 дана оқ-дәрі, 18 дана электрошокер);
35 – діни әдебиет (1 215 дана);
414 – жалпы сомасы 50 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 литрден астам);
644 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
132 – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
- Каспий акваториясында 7 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
1 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 44,3 шақырым торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
206 дана (1 633 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
46 дана (30 келі) таза тұқымдас балықтар;
28 дана итбалығы;
алды алынған залал сомасы 620 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.