Алматы облысы ТЖД тұрғындарға қар көшкініне байланысты үндеу жасады

Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 2-5 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Алматы облысының тауларында 2024 жылғы 2-5 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.