Түркияда балалардың әлеуметтік желі қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Қазір парламенттегі Технология және коммуникация жөніндегі комитеттің жұмыс тобы цифрлық қауіпсіздік туралы құжатты талқылап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Құжатта балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары қарастырылып жатыр.
Жұмыс тобындағы мамандар бұл мәселені шешу үшін 13 жастан төмен балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң қажет екендігін айтып оттыр.
Бұдан бөлек балалардың смартфон қолдануын заңмен шектеу жайы да көтеріліп отыр. Сондықтан қазір қолданыстағы интернет арқылы хабар таратуды реттеу туралы заңға өзгертулер енгізілуі мүмкін.
Қазіргі таңда Аустралия, Англия және Қытай сияқты бірқатар мемлекетте балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заң бар.