Бұл туралы Қызылорда қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қызылордада емхана дәрігерлік анықтама құнын негізсіз қымбаттатқан
236
оқылды

Қызылорда қаласының прокуратурасы қаладағы емханаларлың бірі дәрігерлік анықтама үшін қызмет құнын негізсіз қымбаттатқанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі комиссияның құрамына учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы дәрігерлік практика дәрігері, психиатр, офтальмолог және отоларинголог кіреді.

Алайда, Қызылорда қалалық орталық емханасында №073/е анықтамасының (жүргізуші куәлігі үшін қажетті) қызмет құнына терапия, офтальмолог, отоларинголог медбикелерінің ақысы негізсіз қосылған.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін анықтама үшін қызметтің құны 5700 теңгеден 3500 теңгеге дейін төмендетіліп, шектелмеген тұлғалардың құқықтары қорғалды.