Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
2025 жылы кімдердің айлығы көбейетіні белгілі болды
606
оқылды

Қазақстанда ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің айлығы өсетін болды. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгі болғандай, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылдан бастап 17 пайызға артпақ.

- Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы да 18 пайызға артты, 2025 жылғы қаңтардан бастап 17 пайызға өседі. Үкімет инвестицияларды ынталандыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды іске асыруды жалғастырады, - деді Нұрлан Байбазаров брифингте.