Республика бойынша тұман, солтүстік бөлігінде желдің күшеюі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.
Тұман, жел, көктайғақ: 3 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
891
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 3 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, солтүстік, орталық өңірлерде аздаған қар, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде күтіледі. Жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша тұман, солтүстік бөлігінде желдің күшеюі,  оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ  күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.