Әнші бұл шешімді Нұрқаділовтің өзін «көргісі келмейтін ұрпақтарының» қатысуы үшін қабылдағанын айтты.
"Мені қарғап, көргісі келмейді": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке қойылған ескерткіштің ашылуына неге қатыспағанын айтты
Фото: видеодан алынды
12,210
оқылды

Алматы облысы Кеген ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған бюсттің салтанатты ашылуына қатыспаған Мақпал Жүнісова бұл шешімінің себебін өзінің Instagram парақшасында түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің еңбектерін жинақтап, екі кітап шығарғанын атап өтті. Осы уақытқа дейін ол кітаптардың жартысын Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында, сондай-ақ қайтыс болғанына 19 жыл толған күні құран бағыштау кезінде таратқан. Қалған даналарын Нұрқаділовтің туған жеріне жібергенін хабарлады.

Сонымен қатар, ол Instagram-да ескерткіштің ашылу рәсімінен видео жариялап, «Неге қатыспадыңыз?» деген сұраққа жауап берді. Әнші бұл шешімді Нұрқаділовтің өзін «көргісі келмейтін ұрпақтарының» қатысуы үшін қабылдағанын айтты.

«Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім, кейін Мерей екеуіміз барып тағзым жасаймыз, тегін концертті Зәкеңнің рухына бағыштаймын деп отырмын», – деп жауап берді Мақпал Жүнісова.