Бас директорының бірінші орынбасары лауазымына Болат Сейтмағанбетовтың кандидатурасын мақұлдаған.
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры тағайындалды
253
оқылды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тағайындау акционерлер келісіміне сай ротациялау талабы бойынша орындалған.

Вэн Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте Қытайда дүние есігін ашқан. И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде оқыған.

«Еңбек жолын 2005 жылы «CNDOC» компаниясының өндірістік-техникалық бөлім инженері болып бастаған. 2005-2024 жылдар аралығында «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-да еңбек етіп, жетекші супервайзерден компания президентіне дейін көтерілді. 2024 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін ММГ бас директорының бірінші орынбасары болды», – делінген ақпаратта.

Директорлар кеңесі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары лауазымына Болат Сейтмағанбетовтың кандидатурасын мақұлдаған.

Болат Сейтмағанбетов Маңғыстау ауданының тумасы, Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған.

«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында тәжірибе жинаған. 2022 жылдан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының бастығы қызметін атқарды.