Оның айтуынша, әйел адамның басты қаруы – нәзіктік.
«Өмірім 180 градусқа өзгерді»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
8,909
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева әйел бақыты туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Оның айтуынша, әйел адамның басты қаруы – нәзіктік. Актриса әйел қандай жағдайда да табиғи болмысын сақтап қалуға тырысуы керек екенін айтады. Сонымен қатар ол бақытты болу үшін қандай әдеттерден арылу керек екенін атап өтті. 

«Әйелдік нәзіктік, сұлулық. Осының барлығы кейде маған бір ұғымды білдіретіндей болып тұрады. Әйелдің мықтылығы – нәзіктігінде. Кезінде мықтымын деп ойлайтынмын. Сөйтсем, бәрі бекер екен. Қазақ оны бір-ақ ауыз сөзбен айтқан. «Байтал шауып, бәйге алмас» деп. Сен бәрібір еркек емессің. Мың жерден еркекше жұмыс істе, талпын, бәрібір затың – әйел. Талай шаруаларда «Әттең, затым – әйел» деген күндерім болған. Ол кезде менің мықтылығым нәзіктігімде екенін түсінбеппін. Ол кезде санам, миым түсінген жоқ. Ер адамдар ер мінезді қыздарды көргенде, оған әйел деп қарамайды, бәсекелес деп қарайды. Қазір өмірім 180-200 градусқа дейін өзгеріп кетті десем болады. Сол жұмысыңды, шаруаңды нәзіктігіңмен де атқаруға болатынына көзім жетеді. Менде «ер адам сияқты мықты мінезім болғанда ғана биікке жетемін» деген қате ұғым болған екен. Сосын қыздарға, жалпы, адам баласына кедергі жасайтын – тәкаппарлық. Өміріндегі жолының ашылуына, биікке, жетістікке жетуіне – бәріне кедергі жасайтын, бақытты болу үшін, жарын, жартысын табу үшін, бай болу үшін, барлығына жету жолында тәкаппарлық деген дүние үлкен кедергі екенін түсіндім», - дейді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.