Халықаралық ғылыми жобалардың жүлдегерлеріне енді конкурстан өтпей-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім грантын беру ұсынылды.
Жоғары оқу орындарына конкурссыз қабылданатын оқушылардың санаты кеңейтіледі
фото: time.kz
1,214
оқылды

Мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заңға енгізілетін түзетулер аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз қабылданатын оқушылардың санаты кеңейтіледі, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Халықаралық ғылыми жобалардың жүлдегерлеріне енді конкурстан өтпей-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім грантын беру ұсынылды. Халықаралық ғылыми жоба додаларының тізімі Оқу ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітіліп, оған әлемдегі ең беделді конкурстар ғана іріктеліп, кіретін болады. 

Бұл оқушыларды осындай конкурстарға қатысуға ынталандыруға, жастар арасындағы ғылымның беделін арттыруға және жоғары білім беру жүйесіне талантты талапкерлердің келуіне ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.