Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.
-20 градусқа дейін аяз: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
6,270
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 5,6 және 7 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің орталық аймағында күн күрт суытады.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Алдағы күндері қар жауады, оңтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ мамандар ауа температурасының төмендейтінін мәлімдеді. Мәселен, түнде еліміздің батысында ауа температурасы -7-12 градусқа дейін суытады.

Ал солтүстік-батыста – -13-18 градусқа дейін, солтүстікте, республика орталығында – -15-20 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – -3-8°-градусқа дейін, таулы аймақтарда – -10-16 градусқа дейін суық болады.