Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен сөйлесті
220
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.