Елімізде камералар орташа жылдамдықты тіркеуді бастады. Тиісті норма бүгіннен бастап күшіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты.
«Орташа жылдамдық» жүріп өткен жолды уақыт аралығына бөлу арқылы есептелмек. Рұқсат етілген «орташа жылдамдықтан» асып кеткен көлік жүргізушілеріне 5 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.