Әнші Мадина Сәдуақасова желіде жаңажылдық түсірілімнен видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазбада өнер иесі үш образын көрсеткен. Ол бір көйлегін оқырманына сыйға тартатынын айтты.
"Жаңажылдық корпоративтер мен бағдарламалардың ханшайымы. Осы үш көйлектің біреуі оқырмандарыма жаңажылдық сыйлық ретінде жіберіледі. Үш көйлектің қайсысы ұнады?" - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің сұлулығы мен талғамын жоғары бағалап, қолдау білдірді.
"Жыл сайын таңғалдырудан шаршамайсыз", "Сұлулығы мен талғамы жарасқан", "Қандай әдемісіз. Өзіңізге құйып қойғандай көйлектер екен", "Жаңа жыл ханшайымы", - деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.