23 қыркүйекте белгілі продюсер Баян Алагөзова өзінің ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау бойынша сотта жеңіске жеткен еді. Бұл іс бойынша жауапкер Дана Орманбаеваға Баян Алагөзоваға қатысты жалған ақпараттарды жоққа шығару міндеттелді. Алайда бұл іс апелляциялық сотта қайта қаралды. Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін заңды деп тапты, – деп жазды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бұл туралы белгілі адвокат Анна Чернова өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады. Ол Алматы қалалық сотының заңды және объективті шешімі үшін алғысын білдіріп, өз командасының кәсібилігін ерекше атап өтті.
«Ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау істері – біздің негізгі бағытымыз», – деп жазды адвокат.
Айта кетейік, Баян Алагөзова аталған дау бойынша азаматтық және қылмыстық істерде де жеңіске жетіп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін журналист Дана Орманбаева әлеуметтік желілерде танымал продюсер Баян Алагөзоваға қатысты бірқатар ақпарат таратқан еді.
Продюсер Баян Алагөзова болса Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына журналистің үстінен арыз жазып, Орманбаевадан Instagram және Telegram желісіндегі жеке парақшасында тараған ақпаратты жоққа шығаруды талап етіп жүгінді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.