«Астана Балет» сахнасында ғажайып махаббат хикаясы

6-7 желтоқсанда «Астана Балет» театрының сахнасында «Желтоқсан жаңбыры» балетінің премьерасы өтеді.

«Астана Балет» сахнасында ғажайып махаббат хикаясы

6-7 желтоқсанда «Астана Балет» театрының сахнасында «Желтоқсан жаңбыры» балетінің премьерасы өтеді. Бұл ХІХ ғасырдағы ең романтикалық және қасіретті махаббат хикаяларының бірі туралы қойылым.  Жорж Санд пен Фредерик Шопенді не байланыстырды? Сері мінезді албырт жас пен үнемі ерлер костюмін киіп, сигарасын аузынан тастамайтын әйел. Екеуі бір-бірінің жүрегіне қалай жол тапты? Неге ажырасты? «Астана Балет» театрының жаңа қойылымы осы оқиғаны баяндап береді.

«Желтоқсан жаңбыры» балетін сахналаған хореограф әрі сценограф Кристина Паулин (Германия), костюм суретшісі - Стефани Бауэрле (Австрия), дыбыс дизайнері әрі композитор Дэвидсон Джаконелло (Канада). Балет барысында пианист Маргус Риймаа (Эстония) орындауында Фредерик Шопен шығармаларын тыңдай аласыз.

XIX ғасыр – әсем музыка, әдебиет оқуға арналған қонақ бөлмелер мен зайырлы салондар ғасыры. Әдебиет, музыка, кескіндеме, мәдениет шарықтай дамыған ғасыр. Ерлердің жүрегін жаулаған сүйкімді әйелдер оттай лаулаған ғасыр. Бірақ бұл оқиға Жорж Санд пен Фредерик Шопен туралы емес. Керісінше – экстравагантты және дөрекілеу француз Жорж Санд пен нәзік, жібектей мінезі бар поляк музыканты әрі композиторы Фредерик Шопен. Батыл Санд оған бірден көз салып, уақыт өте келе жүрегін жаулап алды. Олардың қарым-қатынасы шамамен он жылға созылды. Дегенмен, бұл қарым-қатынастың қуаныш пен бақыттан гөрі азабы көп болды.

Олар бір-біріне ұқсамағандықтан, замандастарын таң қалдырған бұл жұптың қарым-қатынасы баянсыз болды; алайда, Жорж Сандсыз Фредерик Шопеннің жаныңды елжіретер жауһар туындылары дүниеге келмес еді. Өзінің үздік шығармаларының көпшілігін Жорж Сандпен бірге болған шағында шығарды. Пианинода ойнауды жаңадан үйрене бастағандар ойнайтын фортепианоға арналған «Собачий вальс» пьесасының өзін Шопен сүйіктісінің өтініші бойынша шығарыпты.  Бәлкім, екі жүз жылдай уақыт өтсе де Жорж Санд пен Фредерик Шопеннің махаббаты жайлы жұртшылық ұмытпауының сыры осында шығар. Бірбеткей Сандтың Шопен өмірінде алған орны, екеуінің ажырасуының себебі жайлы осы күнге дейін дауласып, ортақ шешімге келген жоқ. «Желтоқсан жаңбыры» балетін қоюшылар осы әсем әрі қасіретті оқиғаға байланысты өз көзқарастарын ортаға салады.