Фестиваль барысында астаналық балабақша тәрбиеленушілерінен жеті жанұя өз отбасы мен «Жеті ата» шежіре ағаштарын шығармашылық үлгіде ұсынды.
«Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» атты фестиваль өтті
258
оқылды

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» атты жыл сайынғы дәстүрлі шежіре фестивалі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шара ҚР ПІБ Президенттік орталығымен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, баланың әлеуметтік-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, өзара тиімді қарым-қатынас жасау мақсатында, отбасылық құндылықтарды сонымен қатар рухани мәдениетті сақтау және дамыту, отбасылық және ұлттық дәстүрлерді жаңғырту үшін оқушылардың отбасыларымен бірге өткізілді.

ҚР ПІБ Президенттік орталығы директорының міндетін атқарушы Серік Сыдықов өзінің құттықтау сөзінде, осындай іргелі істің бастауы болып, дайындалған әрбір отбасына алғысын білдірді. 

«Бүгінгі шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау», – деді С.Сыдықов. 

Фестиваль барысында астаналық балабақша тәрбиеленушілерінен жеті жанұя өз отбасы мен «Жеті ата» шежіре ағаштарын шығармашылық үлгіде ұсынды. 

Байқау қорытындысы бойынша:

 «Үлгілі отбасы» номинациясымен – Жылқыбаевтар отбасы (№53 «Мерей» балабақшасы);

«Ұлттық құндылықтарды насихаттаушысы отбасы» номинациясымен – Мешел отбасы (№92 «Жауқазын» балабақшасы);

«Тарихы терең отбасы» номинациясымен – Зулпухаровтар отбасы (№74 «Дәурен» балабақшасы);

«Өнерлі отбасы» номинациясымен – Тұрсынбаевтар отбасы (№67 «Шұғыла» балабақшасы);

«Тату отбасы» номинациясымен – Баубековтер отбасы (№58 «Өркен» балабақшасы);

«Өнегелі отбасы» номинациясымен – Темірхановтар отбасы (№35 «Ертегі» балабақшасы);

«Мерейлі отбасы» номинациясымен – Аслан отбасы (№5 «Ақбота» балабақшасы) марапатталды.

Барлық қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілеріне ҚР Президенттік орталығының алғыс хаттары табыс етілді.