Ол бейәдеп сөздер айтып, экипаждың ескертулерін елемей, тәртіпті сақтау талаптарын орындаудан бас тартқан.
Алматы әуежайында оғаш қылық көрсеткен шетелдік ұсталды
335
оқылды

Алматы әуежайының көлік полициясы ұсақ бұзақылық жасаған 30 жастағы ресейлік әйелді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Мәскеу-Алматы рейсінің келуінен кейін болған. Әйел ұшу кезінде агрессивті және орынсыз әрекет көрсеткен. Ол бейәдеп сөздер айтып, экипаждың ескертулерін елемей, тәртіпті сақтау талаптарын орындаудан бас тартқан.

"Әйел ұсақ бұзақылық және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 25 АЕК (92 300 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы.