Ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, жел соғады.
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
357
оқылды

"Қазгидромет" 6 желтоқсанда еліміздің 12 өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын тұрып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Қостанай облысының батысында, шығысында көктайғақ болады, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман сақталады.