Айтуынша, ол Аишаны алдымен анасына көрсеткен.
«Аиша анамның кастингінен өтті»: әнші Бүркіт әйелін қалай таңдағанын айтты (Видео)
Фото: YouTube
1,749
оқылды

Әнші Бүркіт пен Аиша "1001 түн" бағдарламасында қонақ болып, отбасы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Әнші жарын қалай таңдағаны жайлы сөз қозғады. Айтуынша, ол Аишаны, алдымен анасына көрсеткен. Анасы ұнатқаннан кейін жар етуді ойлағанын жасырмады. Әншінің анасы қазір де келінімен бірге тұрып, жылы сөзін аямайтын көрінеді.

"Аиша мен анамды қатты ұқсатып жатады. Менің анам болғандықтан соған ұқсайтын жанды іздейтін шығармын. Білмеймін. Аиша екеуміз алғашқы бейнебаян түсіріп, шығардық. Сол кезде мен арнайы Таразға барып, анама көрсеттім. Анам бірден Аишаны ұнатты. "Мына қыз жақсы ғой, көзі жақсы" деді. Негізі қыздар туралы олай айта бермейді. Оған дейін қаншамасын көрсеттім ғой. Көрмейтіннің бәрін көріп шықты. Солай Аиша анамның кастингінен өтті. Мен сол сөздерден кейін әрекетімді бастадым. Анам келіні туралы жылы сөздер көп айтады. Бізбен тұрып жатқандарына 1,5 жыл болды. Сол аралықта бір ұрыс-керіс, келіспеушілік деген болған емес. Тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз", - деп ағынан жарылды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.