Дархан Нортаев қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті.
"Ішкі істер министрлігінен алдым": Төреғали Төреәлінің күйеу баласы ерекше марапатқа ие болды
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
2,551
оқылды

"Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлінің күйеу баласы, белгілі спортшы Дархан Нортаев ерекше марапатқа ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дархан Нортаев қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Фариза Төреәлінің жолдасы Ішкі істер министрлігінен ерекше марапат алған. Бұл алғыс хатты спортшыға "Қазақ полициясы" бейнебаянын түсіріп бергені үшін табыстаған.

"Бүгін Ішкі істер министрлігінен осындай алғыс хат алдым", – деп жазды ол.

"Қазақ полициясы" бейнебаянын түсіріп, полицияның оң имиджін қалыптастыруға, қоғамдағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Дархан Нортаев марапатталады", – делінген алғысхатта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.