Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанда сегіз жаңа кәсіби мереке пайда болмақ
512
оқылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады. Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына салынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасындағы кәсіби мерекелер тізбесін мынадай атаулы күндермен толықтыруды көздейді:

  • Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні – 28 қаңтар
  • Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі
  • Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі
  • Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласындағы қызметкерлер күні – қыркүйектің екінші жексенбісі
  • Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан
  • Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі
  • Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні – 10 қараша
  • Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні – 13 желтоқсан

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.