ДСМ өкілі акциздің нақты сомасы біртіндеп көтерілетінін айтты.
Қазақстанда тәтті сусындардың бағасы қымбаттауы мүмкін
259
оқылды

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев еліміздегі тәтті және газдалған сусындарға енгізілетін акцизге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"2026 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесін дамыту концепциясы бекітілген болатын. Соның аясында тәтті сусындарға салық салу көзделген. Біз Дүниежүзілік банкпен бірге сол салықтың түрін экономикалық жағынан зерттеп жатырмыз. Сәйкесінше ұсынымдарымызды әзірлеп, оны Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне жолдадық. Қазір орталық органдармен талқыланып жатыр", – деді вице-министр Сенат кулуарында.

Вице-министр акциздің нақты сомасы біртіндеп көтерілетінін айтты.

"Ұсыным бойынша шамамен 100 теңге. (...) Дүниежүзілік банкпен бірге жасаған модельдеу бойынша расымен де тәтті сусындардың сатуы азаяды. Алайда таза суды сату 40 пайызға дейін жоғарылайды", – деді ол.

Спикердің айтуынша, 1 литрге 100 теңге қосылуы мүмкін. Сонымен қатар ол бұл норма әзір тек талқыланып жатқанын жеткізді.