Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
«-28 градусқа дейін аяз»: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: istockphoto.com
3,224
оқылды

Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, кейбір өңірлерде бұрқасын, аяз болады, қар жауады, күн суытады. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Шығыста қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ауысады. Таулы аудандарда жауын-шашын болады.

Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады. Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 аязға дейін, республиканың шығысында 18-26 аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 аязға дейін біртіндеп төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.