Әнші жарақат қолына тигенін айтады.
«Құралай Нұрқаділова мені пышақтап кетті»: Мақпал Жүнісова басынан өткен жағдай туралы айтты
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
1,377
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовтің қызы пышақтап кеткенін айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әншінің айтуынша, бұл жағдай концерттің алдында, Республика сарайының жанында болған.

«Әкесін мен өлтірді деп балалары маған жала жапты. Мерей 11-сынып бітірген кезде де келмеген адамдар. Одан кейін барып анау жақтағы қыз «Мақпалмен өлсем де араласпаймын, Мереймен араласуға болады» деп сұхбат беріп отыр. Мерейдің телефонын Алтынбек Қоразбаев ағадан сұрап алған. Мерейге қоңырау шалып, мазасын ала бастады. Оны маған Мерей айтты. Содан кейін шындықты айтуыма тура келді. Оның қызы маған қиянат жасады. Маған пышақ салды. Маған пышақ салған адам мені керемет қыла ма? Құралай маған пышақ салған. Концерттің алдында Республика сарайының жанында пышақтап кеткен. Ол «Вечерний Алматы» деген газетке шыққан. Нұрқаділовтің қызы деп тұрып шықты», – дейді әнші.

Әнші жарақат қолына тигенін айтады. Қазір орны қалған. Мақпал Жүнісова Құралай Нұрқаділованы Заманбек Нұрқаділовтің абыройы үшін кешіргенін жасырмады.

"Әкесінің абыройын ойлап, оны кешіргенмін. Бірақ ол одан кейін түсінді ме? Өзі кейін сол тақырыпты қозғап, сұхбат беріпті",  дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.