Қар жауып, бұрқасын болады: 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады.

"Қазгидромет" синоптиктері 8 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, 8 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. 

Жексенбі күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында кей уақытта қар жауады деп болжанып отыр. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

Синоптиктердің болжамынша, 8 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. 

Жексенбі Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Синоптиктер 8 желтоқсанда күндіз Абай облысының орталығында қар жауады деп болжап отыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады деп болжанды. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

8 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады. 

Жексенбі түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.