Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы облысындағы республикалық тасжолда қозғалыс шектелді
2,888
оқылды

Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Aykin.kz.

"ҚазАвтоЖол" жүк көлігі мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылғанын жазды. 

"2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 3.00-ден бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың "Алма-Тау туристік орталығына кіру" 0-15 шақырым  (Тұздыбастау ауылының учаскесі - Бесқайнар ауылы) учаскесінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды",  делінген хабарламада.

Жол қозғалысы жоспарлы түрде 2024 жылғы 9 желтоқсанда сағат 7.00-де ашылатыны айтылды.