Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aykin.kz.
"ҚазАвтоЖол" жүк көлігі мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылғанын жазды.
"2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 3.00-ден бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың "Алма-Тау туристік орталығына кіру" 0-15 шақырым (Тұздыбастау ауылының учаскесі - Бесқайнар ауылы) учаскесінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды", – делінген хабарламада.
Жол қозғалысы жоспарлы түрде 2024 жылғы 9 желтоқсанда сағат 7.00-де ашылатыны айтылды.