Оған жедел медициналық жәрдем көрсетілді.
Оралда ер адам үш метрлік кәріз құдығына құлап кетті
ТЖМ
321
оқылды

Оралда үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Aykin.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сенсек, оқиға сенбі күні Урдинская көшесіндегі үйдің жанында болған.

- 1989 жылы туған ер адам үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен. Жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауысты естіп, 112-ге жүгінген, - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен оны люктен алып шықты.

- Олар зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - деп қосты баспасөз қызметі.