Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Рудныйда автобус қағып кеткен 60 жастағы әйел көз жұмды
Ашық дереккөз
213
оқылды

Рудный қаласында автобус жүргізушісі 60 жастағы әйелді қағып, ол оқиға орнында қаза тапты, -  деп хабарлайды Aykin.kz. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға Рудный қаласындағы автовокзал маңында болған. Автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Оқиға салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қаза тапқан әйелдің жасы 60-та болған», — деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша полиция жол-көлік оқиғасы фактісін тіркеп, қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.

Полиция тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға және жол қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.