КСРО халық әртісі, актер Асанәлі Әшімов балалық шағын есіне алды.
Қатты қорықтым, сол түн мені есейтіп жіберді: Асанәлі Әшімов балалық шағындағы оқиғаны айтып берді
5,422
оқылды

Аңыз адам меценат, блогер Дулат Тастакеевке сұхбат беріп, есінен кетпейтін ауыр түн туралы айтып берді, - деп жазады Aykin.kz. 

“Соғыс жылдары, аяқкиім жоқ. Бар болғанның өзінде қыста киеміз деп сақтап қоямыз. Суықта ғана киеміз. Жаз-күз айларында жеңіл бәтеңке киіп барамыз. Кейде жалаң аяқ та жүре береміз. Бір күні күздің аяғына қарай мектепте отырғанда қар жауып кетті. Көзді ашып-жұмғанша айнала ақ мамыққа оралды. Сыныптастарымыздың ата-аналары келіп, балаларын алып кетті. Мені алып кететін ешкім жоқ. Сол түні мектепте қонатынымды сездім. Ол кезде от та жақпаған. Айтқанымдай, мектепте түнеп шықтым. Партаның үстінде отырдым. Менімен ешкімнің ісі жоқ. Түнімен неше түрлі қорқынышты дүниелер көз алдыма келді. Алағызып, елегізіп қатты қорықтым. Сол түн мені есейтіп жіберді. Жетім екенім есіме түсті. Артымда жанашыр адамым жоқ екенін ұқтым. Өмір деген осы екен ғой деп ойладым”, – деді актер.