Өрт жеке тұрғын үйдің шатырынан шыққаны анықталды.
Жетісу облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
503
оқылды

Жетісу облысының өрт сөндірушілері тұрғын үйді өрттен және болуы мүмкін жарылыстан аман алып қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды Aykin.kz. 

Өрт Үштөбе қаласындағы жеке тұрғын үйдің шатырынан шыққан.

«Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында өрт аз аумақты ғана шарпыды. Сонымен қатар өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер түтін басқан үйдің ішінен газ баллонын шығарып, қауіпсіз жерге орналастырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және газ баллондарының жарамдылығы мен қауіпсіздігін үнемі тексеруге шақырады.