Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа марапатқа ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz dimash.news Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, "Халықтың сүйіктісі-2024" 14-ші ұлттық премиясының қорытындысы жарияланды.
"Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды", – деп жазды Димаштың командасы.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.