Полиция мен прокуратура президент пен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік, әскери шенеунікке қарсы тергеу жұмыстарын бастады.
Оңтүстік Кореяның президентіне елден шығуға тыйым салынды
683
оқылды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ельдің шетелге шығуына тыйым салынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz  Yonhap News-ке сілтеме жасап. 

Қазір елде полиция мен прокуратура президент пен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік, әскери шенеунікке қарсы тергеу жұмыстарын бастады. Тергеу жұмыстары мемлекетке опасыздық жасау, әскери жағдай енгізу, бүлік жасау және билікті асыра пайдалану сияқты айыптаулар бойынша жүргізіліп жатыр.

Істі жүргізу үшін полиция шамамен 150 тергеушіден тұратын арнайы топ құрған.

Бұған дейін полиция өкілі барлық дәлелді жинап, жағдайды бағалау қажет деп мәлімдеген болатын. Соған байланысты президенттен де жеке жауап алынуы мүмкін.