«Құқықтық көмек» партиялық жобасы өткен жылдан бері жүзеге асып келеді.
«Құқықтық көмек»: Партия жобасы аясында ашық есік күні ұйымдастырылды
462
оқылды

“AMANAT” партиясы Қызылорда облыстық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде ашық есік күні болып,  келушілерге кеңінен түсіндңрме жұмыстары жүргізілді.  

Жалпы «Құқықтық көмек» партиялық жобасы өткен жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба аясында азаматтардың  құқықтық  деңгейін арттыру, тегін заңгерлік  кеңестер беру, заң талаптарына сәйкес мүгедектер санатына жататындарға заңгерлік сүймелдеумен көмектесу көзделген. Осы мақсатта жыл басынан бері партия алаңдарында 103 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып,   241 мәселе  қаралған.  Сол сияқты 46 тұрғынға  жан-жақты кеңестер беріліп, 31 тұрғынға  заңгерлік сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген.

Бүгінгі күні жоба аясындағы шаралар жаңа форматтарда ұйымдастырылып келеді. Мәселен, бұған дейін түрлі салалық заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, олардағы талаптармен айқындалған жеңілдіктер жайы, жол көлік ережелері, құрылыс нормалары,  жұмыспен қамту бағдарламаларына енгізілген жаңа талаптар таныстырылды. 

Осындай ашық есік күні шетелдік автокөліктерді заңдастыру және тауарларды кедендік декларациялау, утиль алымы мәселелері бойынша 2 мәрте ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде нақты ұсыныстар жинақталып, Парламент депутаттарының қаперіне жолдануына ықпал етілді.

Ашық есік күніне түрлі сала мамандары қатыстырылып,  тұрғындарға зейнетақы жарналарының көлемін ұлғайту, зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері мен біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін алудың балама мүмкіндіктері, тұрғын үй алуға жеңілдетілген ипотека беру бойынша «Отбасы банкімен» көрсетілетін қызметтер, банк заңдылықтарына енгізілген өзгерістер, толықтырулармен айқындалған жаңа талаптар жайлы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Атап өтейік, ашық есік күніне ZOOM конференциясы арқылы аумақтық филиалдардан аудан тұрғындары да қатыстырылып, әрбір бағыт бойынша өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.