Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Қар жауып, боран соғады: 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
573
оқылды

Қазгидромет 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, аптаның басында Солтүстік циклон жырасына байланысты республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, боран соғады. 

Елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Түнде елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, Қазақстанның орталығында, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік облыстарда аяз болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.