ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
"Алматы-Ташкент" тасжолында жолаушылар автобусы бұзылып, 41 жолаушы эвакуацияланды
252
оқылды

Түнде "Алматы-Ташкент" тасжолында жолаушылар автобусы бұзылып, Жамбыл облысы Жуалы ауданында тұрып қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Көпшілігі Ресей азаматтары болып саналатын жолаушылар осы сәтте басқа автобуспен жолын жалғастыруда. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.