«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова Үкіметтегі баспасөз мәслихаты кезінде доллардың қымбаттауы баспана бағасына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді.
Доллардың қымбаттауы: "Отбасы банк" басшысы баспана бағасы өсе ме деген сауалға жауап берді
Фото: mingosim.pnzreg.ru
4,421
оқылды

«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова Үкіметтегі баспасөз мәслихаты кезінде доллардың қымбаттауы баспана бағасына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазақстанда бүкіл ипотекалық портфель 100 пайыз 15 жылдан бері тек теңгемен беріліп келеді. Сол себепті қарыз алушыларды доллар бағасының құбылуы алаңдатпайды. Екіншіден, валюталық құбылыс кезінде керісінше, баспанаға сұраныс қатты ұлғайып кетеді. Келісімшарттардың санын анықтап, желтоқсанның қорытындысын көрейік", – деді банк басшысы.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк бекіткен доллар бағамы  – 510,08 теңге.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.