Күдіктінің осыған ұқсас тағы екі эпизодқа қатысы бар екені анықталды.
Астана тұрғыны төмен пайызбен несие аламын деп алаяққа алданды
Коллаж: liter.kz
833
оқылды

Астанада қала тұрғыны алаяқтық жолмен ақшасынан айырылып қалғаны жөнінде полицияға шағымданды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Күдікті "Даму" мемлекеттік бағдарламасы бойынша төмен пайызда кредит рәсімдеуге көмек берем деп сылтауратып, алаяқтық жолмен жәбірленушіден 7 млн теңге ақша алған.

Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ қаланың екі банкіне кредит беру бойынша сұраным берген. Екі банк те кредитті мақұлдаған, алайда алаяқ бір банктің ақшасын жәбірленушіге беріп, екінші банктің ақшасын өзінде қалдырған.

Кейін банктен келген кредиттің төлемін көрген жәбірленуші полицияға жүгінеді. "Қылмысты тоқтату" жедел алдын алу шарасының барысында Сарыарқа ауданы ПБ-ның қызметкерлері елорда тұрғынының сенімін пайдаланып, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 37 жастағы әйел адамды анықтап, ұстады.

Күдіктінің осыған ұқсас тағы екі эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Қазір аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.