Жобаға білікті жаттықтырушылар командасы қосылды.
Аутизм және Даун синдромы бар балалар футбол үйірмесіне тегін қатысады
424
оқылды

10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні Астанада  UNI Football League  инклюзивті футбол лигасы секциясының ашық жаттығуы өтті. Қазақстанда аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған  UNI Football League  жұмыс істегеніне бір жыл болды. Бұл – 10-18 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол жобасы. Оның мақсаты – сапалы спорт бағдарламасына қол жеткізу және ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді футбол арқылы әлеуметтендіру.

Ұйымдастырушылар: «Болашақ» корпоративтік қоры және Қазақстан футбол федерациясы. Демеуші – «Freedom Шапағат» қайырымдылық қоры арқылы Freedom Holding Corp.  

 UNI Football League  жобасы бір жыл бұрын Астанада 2023 жылдың қараша айында «Болашақ» қорының жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балынан түскен қаражатқа басталды. Бүгінде жобаға Қазақстанның 9 қаласынан Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз, Өскеменнен 111 бала қатысады. Қазіргі уақытта Тараз, Семей және Шымкент қалаларында белсенді түрде командалар құрылып жатыр. Астаналық секцияда 12 баланың ішінде 7-уінде аутизм, 4-еуінде Даун синдромы бар және 1 дамуы қалыпты бала қатысады. 

 UNI Football League  секцияларында қатысушылардың ерекшеліктерін ескеретін және ойын үшін барынша жайлы жағдайды қамтамасыз ететін жаттығулардың арнайы регламенті жасалды. Жобаның міндеттері: балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алатын, жаңа достар таба алатын және әлеуметтік дағдыларын дамыта алатын жағдайлар жасау; денені шынықтыру және координацияны дамыту; ерекше балаларға белсенді және жан-жақты қоғамдық өмір сүруге көмектесу, оларды әлеуметтік және спорттық іс-шараларға қатыстыру.

«Ерекше балаларға арналған футбол – тек спорт қана емес, тағы бұл өзін-өзі көрсету тәсілі, әлеуетін ашуға, өзіне сенуге және өз жолын табуға мүмкіндік. Бүгін 10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні болғаны да ерекше мән беріп тұрғандай. Осыдан 76 жыл бұрын дәл осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Бір жыл бұрын біздің қор БҰҰ Жаһандық шартына қосылды, ал қазан айында біз БҰҰ Жаһандық шарты аясында SDG Ambition білім беру бағдарламасының серіктесі болдық.

Бұл жоба ерекше балалардың сапалы спорттық білім алу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Жобаға қолдау көрсеткен Қазақстан футбол федерациясына және  Freedom компаниясына шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің қолдауыңыз ерекше балалардың өсіп-жетілуіне, сондай-ақ олардың құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасап, жобаның алға басуына көмектеседі», – деп атап өтті «Болашақ» қоры  қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Ұлым екеуміз әртүрлі спорт түрлерімен айналысып көрдік, оған футболға барған  қатты ұнайды, жаттығу туралы айтқанда, ол өзі жинала бастайды. Біздің тамаша жаттықтырушыларымыз үлкен жүректі адамдар, әр жаттығудан кейін олардың балаларымызға деген мейірімінен жүрегімде жылылық сезіледі. Балаларымыздың биік белестерді бағындырғанын, жобаның алға басқанын, балалардың жарыстарға барғанын қалаймын. «Болашақ» қорына, жаттықтырушылар мен демеушілерге мың алғыс. Балаларымызға көмектесетін қорлар бізге, ерекше балалардың ата-аналарына, біздің елге деген, балаларымызға әрқашан көмектесетініне сенім ұялатады», – деді Рейна Чауш-оглы, секцияға қатысатын Даун синдромы бар 15 жастағы Олсар Селимнің анасы.  

Жобаға білікті жаттықтырушылар командасы қосылды,  әр қалада инклюзивті білім беру курстарынан өткен, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар UEFA-ның B, C, D санатындағы жаттықтырушылар. 

Іс-шараға ұйымдастырушылар, серіктестер, ЕБбҚ бар балалар мен олардың ата-аналары қатысты. 

«Бір жыл ішінде ерекше қажеттіліктері бар 100-ден астам бала мен жасөспірімнің өмірін өзгерткен осындай бірегей жобаға қолдау көрсету – біз үшін құрмет әрі үлкен жауапкершілік. Біз балалардың қол жеткізген әрбір сәттіліктен қуаныш сезінетінін, физикалық тұрғыдан дамып, жаңа достар тауып, өзіне деген сенімділіктері артып, рухты нығайтатынын көргенде, бұл бір шабыт береді. Біз салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту үшін БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру стратегиямыздың бір бөлігі  UNI Football League жобасын одан әрі дамыту және табысқа жетуі үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз деп айта аламын», – деді «Freedom Шапағат» қорының президенті Бағлана Мусина.