Қазір ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтер жұмыс істеп жатыр.
Полиция Шерзат Полаттың әкесін ұстады
524
оқылды

Алматы облысы  Полиция департаментінің қызметкерлері Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

9 желтоқсан күні Талғар маңынан Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаев өзіне қол жұмсаған. Ал бүгін марқұмды жерлеу рәсімі болды.

– Бүгін сағат 15.30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға болды.

Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ  полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді.

Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады, – деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтер жұмыс істеп жатыр.

– Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарды сабырлы болуға шақырады. Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз және жалған мәліметтерді тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Талғар қаласының маңынан Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылғаны жөнінде хабарлаған едік.

Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты мәлімдеме жасап, оның өлер алдындағы хатын жариялады.