Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шықты

Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ.

Шерзат Полаттың ағасының өліміне байланысты жүргізілген сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сот-медициналық сараптаманың алдын ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ.

- Сарапшылармен анықталған дене жарақаттары, мысалы, странгуляциялық және мойынның абразиялары асылған жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті. Барлық белгілер суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән.

Мастоидтық процестің және желке мен құлақ аймағындағы абразияға ұқсас іздер үйкеліспен пайда болуы мүмкін, - делінген ресми ақпаратта.

Қазір құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын тексеруді жалғастыруда.

Осы ретте полиция өкілдері азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды және жалған мәліметтерді тарату бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Бұған дейін Алматы облысы  Полиция департаментінің қызметкерлері Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстағаны жөнінде жазған едік.