Комитет мүшелері өңірдегі кездесулердің қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі ынтымақтастық шекара қызметінің өзекті мәселелерін шешіп қана қоймай, Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы қауіпсіздікті барынша арттыруға көмектесетініне сенім білдірді.
Сенаторлар Солтүстік Қазақстандағы шекара заставаларында болды
Фото: А.Байжұманов
197
оқылды

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды. Сенаторлар сапар барысында өңірдегі маңызды шекара нысандарымен танысып, шекарадан өткізу бекеттерінің қауіпсіздігі мен инфрақұрылымын одан әрі дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.

Сапар шекарадағы бақылауды жетілдіру жөніндегі жұмыс аясында ұйымдастырылған болатын. Сенаторлар «Петропавл» теміржол станциясындағы шекаралық бақылау бекеті мен «Ақкөл» шекара бөлімшесінде, «Жаңа жол» автомобиль өткізу бекеті мен Шекара қызметінің әскери бөлімінде болды.

«Әлемдік саясат пен экономикадағы дағдарыс құбылыстары, көші-қон көшкіндері мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін басқа да қатерлер жағдайында шекара саясатын дамыту және жетілдіру мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Біз мемлекеттік шекараны бақылау мен қорғау тетіктерінің тиімді және заманауи тұрғыда әрекет етуі үшін жұмыс істеуіміз керек», – деп атап өтті комитет төрағасы Андрей Лукин.

Талқылау барысында автоматты түрде паспорт бақылау жүйесін жаңғырту, заманауи түрдегі сканерлеу және бейнебақылау жүйелерін енгізу, сондай-ақ автомобиль өткізу бекеттерінде сервистік күту аймақтарын дамыту мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге баса назар аударылды.

Комитет мүшелері өңірдегі кездесулердің қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі ынтымақтастық шекара қызметінің өзекті мәселелерін шешіп қана қоймай, Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы қауіпсіздікті барынша арттыруға көмектесетініне сенім білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.