Полиция түнде ұсталған 4 адамды тепловизор арқылы көрсетті

Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты.

Заңсыз алтын өндірісімен айналысқан «қара алтын іздеушілер» тобы ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады. Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен 3 килограмм құрамында алтыны бар кен табылып, тәркіленді.

Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты.

Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.