Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды

Алаяқ АҚШ-қа виза рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен.

Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Абай облысында полицияға 4-курс оқитын 21 жастағы студент биыл көктемде алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданды. Полицияның мәліметінше, бейтаныс адам АҚШ-қа виза рәсімдеуге көмектесемін деп, 199 300 теңге алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.

Полицейлердің жедел жұмысының арқасында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Жамбыл облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.