Аудан әкімдігі қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, «Нұра» ауданындағы ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді.
Нашақорлықпен күрес күшейді
266
оқылды

Рейд қорытындысына сәйкес, насыбай мен снюс сататын 3 дүкен анықталды. Полиция қызметкерлері жалпы сомасы 25 мың теңгеге шамамен 40 қорап насыбай мен 20 снюс тәркіледі. Дүкен иелері әкімшілік жазаға тартылып, әрқайсысына ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 92 300 теңге (25 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

«Біз жаман әдеттердің алдын алу қа­ғидаттарын ұстана отырып, жастар­дың осы өнімге қолжетімділігін шек­теу­ге тырысамыз. Бұзушылықтар үшін қа­таң жауапкершілік шаралары, соның ішін­де ірі айыппұлдар қарастырылған. Кә­сіпкерлердің есіне салғым келеді: вейп, насыбай және снюс сатуға тыйым са­лынған ережелерді сақтау – бұл заң­ның талабы ғана емес, сонымен қатар қо­ғам алдындағы жауапкершілік. «Нұ­ра» ауданында мұндай мониторинг үне­мі жүргізіліп тұрады. Жыл басынан бе­рі 230-ға жуық дүкен тексерілді. Біз бұл жұмысты әрі қарай да жалғас­ты­ра­мыз», – деп атап өтті «Нұра» ауданы әкі­мі аппаратының кәсіпкерлік бөлі­мі­нің бас маманы Батырхан Жан­пейі­сов.

Маманның айтуынша, мұндай заңбұзушылықтарды анықтау бойынша жүргізілетін рейдтер жастар ара­сында жаман әдеттердің алдын алу­ға және кәсіпкерлердің заңнаманы сақ­­­­тауы үшін жауапкершілікті арт­тыру­ға бағытталған. Тексеріс барысында дү­кен сатушыларына профилактикалық тү­сіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекет басшысының тапсыр­ма­сы­на сәйкес, былтыр 2023-2025 жыл­дар­ға арналған Есірткінің заңсыз айна­лы­мы мен нашақорлыққа қарсы күрес жө­ніндегі кешенді жоспар әзірленіп, Үкі­меттің қаулысымен бекітілген-ді. Бұл ке­шенді жоспардың негізгі мақсаты – қо­ғам үшін аса қауіпті, әсіресе син­те­ти­калық препараттардың таралуының жо­лын кесу, олардың қолжетімділігін тө­­мендету, нашақорлықты ерте анық­тау жүйесін енгізу, есірткі қолданатын адамдардың шынайы және нақты есе­бін қалыптастыру, уәкілетті органның құ­зыреті мен мәртебесін арттыру, ма­териалдық-техникалық жағдайды ны­ғайту. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Бақыт­жан Әмірхановтың айтуынша, жос­пар­дың әрбір тармағын іске асыру бойын­ша қадамдық іс-қимыл алгоритмі жұ­мыс істейді.

«Мемлекеттің есірткіге қарсы сая­са­тының өзектілігін атап өтіп, ел Пре­зи­денті нақты бағыттарды белгілеп, жос­парды іске асыру бойынша міндет­терд­і алға қойды. Оны ІІМ-нің ве­дом­с­т­воі­­шілік деңгейде сапалы және тиімді іске асыру мақсатында әрбір іс-шараны орындау барысы ішкі бұйрықпен бе­кітілді. Бұл жұмысты үйлестіруді біз, Ми­нистрліктің салалық департаменті жү­зеге асырады. Жоспардың әрбір тар­ма­ғын іске асыру бойынша қадамдық іс-қимыл алгоритмін әзірледік. Жоспар 7 бөлімнен, 77 тармақтан тұрады. Мұн­дай шешімдер оның орындалу дина­ми­касын апта сайын әр сегментте ба­қы­лап, іс-әрекеттерімізді түзету бойынша қа­жетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», – деп атап өткен еді Бақытжан Әмір­ханов.

Есірткі жарнамасы – нашақорлық қақпаны 

Елордада 2023-2025 жылдарға ар­налған Есірткінің заңсыз ай­налымы мен нашақорлыққа қарсы күрес бағдарламасы және «Астана – есірт­кісіз қала» жобасы аясында қала­ның барлық ауданында нашақорлық, есірт­кі саудасына және психотропты зат­тардың заңсыз саудасына қарсы рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі. Уәкі­летті органдар әкімдікпен бірлесіп, әсіресе жастар арасында есірткі қыл­мысына қарсы түрлі шара белсенді жү­зеге асырылып келеді. Сонымен қа­тар «Нашақорлыққа және есірткі биз­несіне қарсы күрестің 2023-2025 жыл­дарға арналған республикалық ке­шенді жоспары» аясында да нәтижелі жұ­мыс атқарылып жатыр. Биыл уәкі­лет­ті органдар жыл басынан бері қалада 400-ден астам есірткі қылмысын тір­кеген.

Астана қаласы Полиция депар­та­мен­тінің есірткі қылмысына қарсы іс-қи­мыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызының айтуынша, 2024 жылдың 11 айында Астанада 407 есірт­кі қылмысы тіркеліп, соның ішін­де 285 өткізу фактісі, сондай-ақ есірт­кінің синтетикалық түрлерімен байла­ныс­ты 621 есірткі құқықбұзушылық анық­талған. Заңсыз айналымнан 339 келі есірткі заттары, соның ішінде 20,8 келі «синтетика» тәркіленген.

– Нашақорлыққа және есірткі биз­несіне қарсы күрестің 2023-2025 жыл­дар­ға арналған республикалық кешенді жоспары және мемлекеттік органдар мен жұртшылық барынша тартылған «Астана – есірткісіз қала 2023-2025 жыл­дарға арналған» бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында уәкілетті органдармен нашақорлықтың алдын алуға және есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шара жүр­гі­зілу­де, – дейді Әлия Қибатқызы.

Тұрақты түрде мемлекеттік орган­дар­мен және ҮЕҰ-мен бірлесіп Құқық қорғау органдары 11 айда 496 алдын алу іс-шараларын, соның ішінде акциялар, се­минарлар, дәрістер, дөңгелек үстел­дер, кездесулер, спорттық турнирлер, кон­курстар өткізді. Мәселен, «Астана – есірт­кісіз қала» жобасы аясында жа­қын­да С.Сейфуллин атындағы Қазақ аг­ро­тех­никалық зерттеу университетінің студенттерімен кездесу ұйымдас­ты­рыл­ды. Жастар арасында есірткіге қар­сы күрес пен оның зиянды салдарын тү­сіндіруге бағытталған жиынға 280 сту­дент қатысты.

Астана қаласының Ішкі саясат бас­қармасы, қалалық Полиция департа­мен­тінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, Прокуратура және «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жас­тар қоғамдық бірлестігінің бас­тама­сы­мен бірлесе ұйымдастырылған іс-шара ба­рысында студенттерге есірткі және есірт­кі қылмысы туралы ақпарат беріл­ді. Жиында есірткі заттарының бола­шақ өмірге келтірер зияны, теріс әдет­терден аулақ болу, салауатты өмір сал­тын ұстану мәселелері сөз болды. 

Мамандардың айтуынша, жалпы есірт­кі таратуға көбінесе жасөспірімдер тар­тылады. Себебі өзгелерге қарағанда ық­пал етуші топтардың әрекеті оларға жыл­дам әсер етеді. Жасөспірімдер кө­біне «ертегідей өмір сыйлаймын», «қар­жылық жағдайың жақсарады» де­ген сияқты уәдеге тез алданады. Сон­дық­тан жастарды психотропты заттарға әуес болуының алдын алу үшін, оларды үнемі ақпараттандырып, сақтық ша­раларын ұстану жолдарын үйреткен аб­зал. Кездесу барысында Сарыарқа ау­даны прокуратурасының бөлім про­ку­роры Асқар Рахман есірткі тара­ту­шы­лар әлеуметтік желіде емін-еркін на­сихат жұмысын жүргізіп отырғанына тоқ­талды. Оның айтуынша, жастар мен жа­сөспірімдер арасында нашақорлық туралы және психологиялы, құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды.

– Жастардың көбісі нашақорлық үшін қандай жауапкершілікке тар­ты­ла­тынын білмейді. Есірткі және пси­хотроп­тық заттарды жасау, сақтау, са­тып алу, тасымалдаумен айналысқандар өмір бойына бас бостандығынан айы­рылады. Заң бұл бағытта қатаң. Қоғам де­р­тіне айналған нашақорлықпен кү­рес жан-жақты болғанымен, есірткі та­ратушылар әлеуметтік желіде емін-ер­кін жұмысын жүргізіп келеді. Ол қар­маққа жастардың түсіп қалатыны өкі­нішті. Сондықтан жастар үшін пси­хо­логиялық және құқықтық сауат­ты­лық­ты арттыру аса маңызды, – деді про­курор А.Рахман.

Жасөспірімдер мен жастар ара­сын­да жылдар бойы нашақор­лық­тың алдын алу шаралары үздіксіз жүр­гізіліп келе жатқанымен, әлі де бол­са есірткі тұзағына түсіп қалатындар қатары азаймай отыр. Ә.Қибатқызы мұның себебін қаржы табуды көздеген жастардың есірткі сату жарнамасына бай­қамай алданып қалатыныдығымен тү­сіндірді.

– Есірткі сату жарнамасына қаржы табу мақсатымен жүгінетін жасөс­пі­рім­дер жиі алданады. Әсіресе, син­те­ти­ка­лық есірткіге еріп кететіндердің үлесі ба­сым. Ал синтетикалық есірткі өз ке­­­­­зегінде героиннан да қатты әсер ете­ді. Бір сәттік ләззат алғаннан кейін оның тұзағына қалай оңай түсіп кетіп жат­­қандарын жастар аңғармай жатады. Есірткіге еліткен адам ең әуелі қажетті есірт­кі дозасын алу үшін ұрлық, кісі өл­тіру сияқты кез келген ауыр қыл­мыс­қа баратыны да жағдайды одан әрі ушық­тырады. Жеңіл ақша табамын де­ген түсініктен арылу керек, бастысы са­лауатты өмір салтын ұстанып, спорт­пен шұғылдануға көп көңіл бөлген жөн, – дейді Ә.Қибатқызы.

Жақында «AMANAT» партиясы фрак­циясының мүшесі, Мәжіліс депу­таты Темір Қырықбаев Ішкі істер ми­нистрі Ержан Сәденовке жастардың есірт­кі таратудағы жеңіл ақшаға ұмтыл­маудың зиянын түсіндіру және есірткі сататын сайттарды жарнамалаудың жо­лын кесу жөніндегі жұмысты күшей­ту туралы ұсыныс жасап, депутаттық сауал жолдаған болатын. 

Депутаттың айтуынша, Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сырмасымен Үкімет есірткіге қарсы қыз­метті жетілдіруге бағытталған ке­шенді жоспарды бекіткен. Дегенмен син­тетикалық есірткі – халқымыздың ден­саулығына, ұлттық тегімізге, эконо­ми­камызға, құқықтық тәртіп пен мем­лекеттік қауіпсіздігімізге үлкен қатер төндіріп келеді.

– 2023 жылы 3,6 тоннадан аса есірт­кі және психотроптық заттар, 21,5 тон­­­­надан астам көкнәр сабанының ши­кізаты және 75 тоннаға жуық син­тетикалық есірткіні жасауға пайда­ла­нылатын химиялық реагенттер алын­ған. Жасырын есірткі зертханаларын­да­ғы қылмысты ашу, қылмыскерлерді ұс­тау бағытындағы жұмыстар Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізіл­ге­німен, олардың саны артып барады. Атап айтқанда, Құқық қорғау орган­дары 2021 жылы – 17, 2022 жылы – 68, 2023 жылы – 81 есірткі зертханасын жой­ды. Сондай-ақ 34 халықаралық және 32 өңірлік есірткі жеткізу канал жойы­лыпты. Тек ресми статистика бойын­ша, соңғы 3 жылда синтетикалық есірт­кіні тәркілеу көлемі 100 келіден 1 тон­наға дейін өскен. Яғни, 2021 жылы тәркілеу көлемі 100 келі болса, 2023 жы­лы 1 тоннаға дейін жеткен. Өкінішке қа­рай, заңсыз есірткі бизнесі елді на­ша­қор ету сыртында, жастарды қылмыс әле­міне жұмылдырып жатыр. Жастар мен оқушылар отыратын танымал он­лайн платформаларда, мессенд­жер­лер­де оларға есірткі сатушылар шығып, «тез табыс табуды» ұсынуда. Осы қар­қын­мен есірткі бизнесі кете берсе, бо­ла­шақ жастарымызды нашақор етіп, өл­тіріп тынатын түрі бар. Өз кезегінде есіртк­і бизнесі ұлт болашағына балта ша­бады, – деді депутат өз сауалында. Яғни, елімізде «Нашақорлыққа және есірт­кі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған республикалық кешенді жоспары» жұмыс істеп жат­қа­ны­мен, нәтиже көңіл көншітпейді.

Синтетикалық есірткіге тәуелділер саны артқан

Соңғы жылдары синтетикалық есір­тікіге елітуші адамдар қа­тары артқан. Ресми ақпаратқа сенсек, соң­ғы алты жыл ішінде бұл контингент балалар мен ересектер арасында 17 есе­ден астам өсіп үлгергенін. 2017 жы­лы осын­­дай есірткіге тәуелді 40 науқас бол­­са, бұл көрсеткіш 2023 жылғы 1 сәуір­дегі жағдай бойынша 694-ке жет­кен. Салыс­тырмалы түрде 2018 жылы елімізде 20,3 тонна есірткі тәркіленсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 41,1 тоннаға дейін арт­қан. Соңғы жылдары әлеуметтік желі­нің дамуы, интернеттің қолжетімділігі қылмыстың да өршуіне әкелген. 

Астана қаласы Ішкі істер депар­та­ментінің дерегіне сүйенсек, тек 2023 жы­лы наркодилерге қатысы бар 3 мың­дай сайт және 1,3 мың Telegram арнасы бұ­ғатталған. Қалалық психикалық ден­саулық орталығының ашық ақпарат көз­деріндегі дерегінше, 2024 жылдың 9 айында Қалалық психикалық ден­саулық орталығында есірткіге тәуел­ді­лік бойынша есепте тұрған адамдар са­ны 1,5%-ға азайған. 2024 жылдың 1 қа­занындағы мәлімет бойынша, есепте тұр­ғандар саны – 976, оның ішінде 3 жа­сөспірім бар, бұл 2023 жылмен са­лыс­тырғанда 14 адамға аз. Бірақ 2024 жы­лы есірткіге тәуелділік бойынша есеп­те тұрған адамдардың саны азай­ға­­­нымен, синтетикалық есірткі тұтыну­шы­ларының саны артқан. Дәрігерлер есірт­кі қолданудың медициналық тұсы әр­түрлі физикалық және психикалық сал­дарды қамтиды. Физикалық сал­дары ағзаның түрлі мүшелерін зақ­ым­дап, жүрек-қантамыр жүйесінің бұ­зылуын, тыныс алу жүйесі мен ас қо­ры­ту жүйесінде мәселелерді, сондай-ақ түр­лі инфекциялық ауруларды туды­ра­ды. Иммундық жүйеге әсер етіп, жалпы ден­саулықтың нашарлауына және им­мунитеттің әлсіреуіне әкеліп соғады. Ал психикалық салдары тіптен ауыр. Есірт­кінің әсері депрессия, мазасыз­дық, психоздар, оқуға және есте сақ­тауға қабілеттіліктің төмендеуі, сондай-ақ тәуелділіктің дамуына әкеледі. Со­ны­мен қатар ұзақ уақыт бойы есірткі қол­дану мидағы химиялық теңгерімді өз­гертуі және бұл ауыр психикалық бұ­зылуларға және тіпті өзін-өзі өлтіру ту­ралы ойларға әкелуі мүмкін.

Елордадағы Қалалық психика­лық денсаулық орталығы есірт­кі қолданудың қауіптері туралы ескерту жұмыстарын жүргізіп, есірткі қолдану­дың салдарымен бетпе-бет келген адам­­дарға көмек көрсетеді, сондай-ақ тәуел­ділікпен күресуге және зардап шек­­кендердің психикалық ден­сау­лы­ғын қалпына келтіруге көмектеседі. Ор­талықтың есебінше, есірткіге тәуел­ділік бойынша алғаш рет есепке алын­ған адамдардың саны 41,3%-ға төмен­де­ген. Биыл 51 адам есепке алынса, оның ішінде 27 адам – синтетикалық есірт­кі тұтынушылар. Барлығы 262 есірт­кіге тәуелді адам ерікті түрде тәу­лік бойы емдеу стационарында емдел­ген. Сондай-ақ 2022-2024 жылдар ара­лығында елордада 9 есірткі зерт­ханасының қызметі анықталып, жолы кесілген.

Мемлекеттің есірткімен күресте ат­қарып жатқан ізгі шараларының қа­тарында заңның қатаңдатылғаны мен қыркүйекте Ішкі істер министрлігінің құзырында есірткі қылмысына қарсы күрес қызметінің комитет болып дер­бес құрылғанын атап айтуға болады. Мы­салы, заңға сәйкес, есірткі «жасы­рып кетушілерге» жаза мерзімі 10-15 жыл­ға дейін созылды. Сондай-ақ рес­ми есеп бойынша елімізде есірткі қыл­мысын жасағаны үшін 4 293 адам жа­засын түрмеде өтеп жатыр. Тағы бір ең өзекті әрі сорақысы түрмеде жазасын өтеушілер арасында есірткімен күресте алдыңғы шепте жүруге тиіс Ішкі істер органдары қызметкерлерінің де бар екенін атап айтуымыз керек. Мәселен, 2023 жылы 12 полиция қызметкеріне айып тағылған болса, 2024 жылы 9 айда 12 қызметкер істі болған. Сондықтан есірт­кімен күрес тек құзырлы орган­дардың ғана емес, қоғам назарынан да тыс қалмауы керек.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ