Солтүстік Қазақстан облысында екі адамнан шошқа тұмауы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Инфекция жұқтырған науқастардың бірі – мектеп оқушысы, екіншісі – әскери қызметші. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты. Екеуі де тұмауға қарсы екпе алмаған.
Аталған инфекция H1N1 вирусы арқылы таралады. Тұмаудың бұл түрі үй құстары, шошқа секілді тағы басқа жануарлардан жұғуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер шошқа тұмауының алдын алу үшін екпе салдыру керек екенін айтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.