Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
340
оқылды

Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген Президент Жарлығында.