Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 16 желтоқсанда, яғни дүйсенбіде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Азаматтарға арналған үкімет" хабарлауынша, 14 желтоқсан, сенбі күні кезекші орталықтар сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ашық болады.
17 желтоқсанда, сейсенбіде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты режимде жұмысын қайта бастайды.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, орталықтар жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 13.00-де жабылады.
Мамандандырылған кезекші ХҚКО азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18.00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Сенбі күні жұмыс сағат 13.00-де аяқталады.
Ал жаңажылдық демалыс күндері мамандандырылған ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.