Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында «Отпан» жобасы аясында үш тірек мектептегі өзгерістер таныстырылды.
Маңғыстау облысында заманауи мектептер ашылды
381
оқылды

Бейнеу ауылының тұрғындары үшін жыл жағымды жаңалығымын аяқталып жатыр: 5 мыңнан астам оқушы білім алатын үш мектеп өңірлік білім сапасын арттыру бағдарламасының қатысушысы атанды.

«Отпан» жобасы Үкіметтің бастамасымен, Білім берудің тұрақты дамуы қорының ауылдық тірек мектептерін құрудағы табысты тәжірибесі негізінде басталды. Бастама 50 мектепті қамтып, 60 мың оқушы мен 7 мың педагогтің дамуына жағдай жасауды көздейді және жеке кәсіпкерлердің инвестициялары арқасында жүзеге асырылады.

Жобаға мектептерді әдістемелік сүйемелдеу үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен «Білім-инновация» халықаралық қоры серіктес атанып отыр.

Мектептерді жаңғыртуды аяқтаған жобаның алғашқы демеушілерінің бірі Halyk қайырымдылық қоры. Қор мұғалімдерді оқыту мен Бейнеу ауылындағы үш мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуға қолдау көрсетті.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім беру мекемелері сапа мен қауіпсіздіктің жоғары талаптарына сай заманауи жабдықтармен қамтылды, бұл оқыту жағдайларын жақсартып, оқушылардың дағдыларын дамытуға ықпал етті. 50-ден астам білім беру кеңістігі жаңартылды, оның ішінде бастауыш сынып кабинеттері, химия, физика, биология, информатика және робототехника кабинеттері бар. Сыныптар шығармашылық стильде безендіріліп, жайлы және шабыттандыратын білім беру ортасын құруға септігін тигізеді, бұл оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, оқуға деген қызығушылығын арттырады.

290-нан астам мұғалім заманауи оқыту әдістемелері бойынша білім алып жатыр, ал психологтар мен мектеп әкімшілігі кәсіби біліктіліктерін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осындай жұмыстарға Halyk айырымдылық қоры басымдық береді.

«Қор қызметінің негізгі бағыттарының бірі – елдегі білім беруді дамыту. Біз әлеуметтік осал топтардан шыққан дарынды балаларға грант ұсынамыз, мектептер мен оқу орталықтарын жабдықтаймыз, мұғалімдерді қолдаймыз, жоғары сынып оқушыларына кәсіпкерлік негіздерін үйретеміз. 2016 жылдан бері қор білім беру саласын дамытуға 10 млрд теңге бөлді, оның ішінде Бейнеу ауылындағы мектептерді жабдықтауға – 504 млн теңге. Біздің мақсатымыз – еліміздің әр баласына заманауи технологияларды тең қолжетімділікті ету және олардың болашақта лайық бәсекеге түсуіне жағдай жасау», — деп атап өтті Halyk қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшаиков.

«Отпан» жобасына қатысушы мектептер жақын орналасқан білім беру мекемелеріне әдістемелік қолдау көрсетеді, осылайша Білім беру саласын тұрақты дамуы қорының тірек мектептер қатарын толықтырады деп жоспарлануда.

«2019 жылы біз Aitas холдингінің қолдауымен тірек мектептер желісін құру жобасын бастадық және оны еліміздің әр өңірінде дамытуды жалғастырып келеміз. «Тірек мектебі» моделі бес жылдан бері ауылдағы білім беруді жаңа деңгейге көтеруге көмектесіп келеді. Бұл бастама «Отпан» сияқты жеке өңірлік жобаларға айналды. «Отпан» – қалаларда мен шалғай ауылдарда тұратынына қарамастан, оқушыларға тең білім алу және даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған қордың мақсатын айшықтайтын жоба», - дейді Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.

Екі жылға жоспарланған «Отпан» жобасы оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау арқылы жүзеге асырылып келеді. Бұл оның тиімділігін және нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Жоба  аяқталған соң мектептерге қолдау көрсетіледі.

Естеріңізге салсақ, қараша айында «Отпан» жобасының алғашқы нәтижелері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға таныстырылды. Қазір жоба Aitas холдингі, Ordabasy Group компаниясы, Halyk қайырымдылық қоры, NCOC компаниясы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сынды демеушілердің қолдауына ие болды.